Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 236 467 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры | Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы | Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар | Уикидәйек Дәйексөз жинағы | ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана | Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||||
Уикисабақ Білім қоры | Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру | МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Білгенге маржан
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
- Грекияның қақ ортасындағы жасанды көл генералдың есімімен аталады.
- Берлинді алуға қатысқан жауынгер Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болды.
Жаңалықтар
- 3-4 шілде – Астанадағы ШЫҰ саммитіне 16 мемлекет басшылары мен БҰҰ Бас хатшысы қатысады.
- 2 шілде – Киевте болған қастандықтан кейін қазақстандық оппозиционер Айдос Садықов көз жұмды.
- 28 маусым – Қырғызстанның Науқат ауданында жойқын сел болды, бірнеше адам қаза тапты.
- 3 маусым – Клаудия Шейнбаум (суретте) Мексика президенті болып сайланған алғашқы әйел атанды.
- 1 маусым – Реал Мадрид дортмундтық Боруссияны жеңіп 15-рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
- 26 мамыр – Израиль Палестинаның Рафах қаласын бомбалады: нәтижесінде 50-ге жуық адам қайтыс болды.
4 шілде
Мейрамдар
- АҚШ — АҚШ тәуелсіздік күні
- Кайман аралдары — Конституция күні
- Лесото — Отбасы күні
- Маршалл аралдары — Балықшы күні
- Тонга — Патша күні
- Филиппин — Республика күні
- Норвегия — Соня Харальдсеннің туылған күні
Оқиғалар
- 1776 — АҚШ-та Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылды
- 1874 — Миссисипи бойында алғашқы көпірдің салынуы
- 1876 — Сан-Францискода бiрiншi рет әлемде электро-техникалық тауарлардың көрмесі ашылды
- 1946— Кенигсберг қаласының аты Калининградқа өзгертілді
- 1946— Филиппин тәуелсiздiгi мойындалды
- 2004 — Грекия футболдан алғашқы рет Еуропа чемпионы болды
Дүниеге келгендер
- 1790 — Джордж Эверест (1866), ағылшын геодизсті
- 1804 — Натаниел Готорн (1864), америкалық жазушы
- 1807 — Джузеппе Гарибальди (1882), Италия халқынын қаһарманы, генерал
- 1900 — Робер Деснос (1945), француз ақыны
- 1921 — Жерар Дебрё (2004), француз текті америкалық экономист, 1983 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
- 1952 — Альваро Урибе, 2002 ж. бастап Колумбия президенті
Қайтыс болғандар
- 1826 — Томас Джефферсон (1743), АҚШ–тың 3-ші президенті.
- 1826 — Джон Адамс, АҚШ–тың бірінші вице-президент және 2-ші президенті.
- 1831 — Джеймс Монро (1758), АҚШ–тың 5-ші президенті
- 1934 — Мария Кюри, француз физигі және химигі, физикадан 1903 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты және химиядан 1911 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
Шілде айына ортақ жұмыс
Барлық қатысушыларды мына мақаланы толықтыруға шақырамыз:
Жаһандық жылыну
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 6
Машиналық аудармалар саны: 50
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 340