Абыл Тарақұлы

Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы.

Абыл
Толық аты

Абылай Тарақұлы

Туған күні

1820 (1820)

Туған жері

Желтау, Оймауыт Байғанин ауданы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1892 (1892)

Қайтыс болған жері

Желтау, Оймауыт, Байғанин ауданы, Ресей империясы

Мемлекет

Ресей империясы

Мамандықтары

күйші

Аспаптары

домбыра

Жанрлары

фольклорлық музыка

Өмірбаяны

өңдеу

Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған.

Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен.

Күйлері

өңдеу

Абылдың:

  • «Абыл»,
  • «Ақжелең» (А. нұсқасы),
  • «Нар ату»,
  • «Ақсақ құлан»,
  • «Кеңес»,
  • «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған.

Мәнері мен шәкірттері

өңдеу

Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән.

Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.[1][2][3][4][5][6][7][8]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978
  4. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
  5. «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000
  6. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001
  7. «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002
  8. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002
🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАстанаИсламдағы жыныстық өмір әдебіАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыАбай ҚұнанбайұлыАлланың есімдеріАстана күні (Қазақстан)ҚазақстанМұхаммедДомбыраБесін намазыБаланы қырқынан шығаруЕтеккірҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіКөкжөтелҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміТуыстық атауларыШыңғыс ханОйжұмбақ 2Әл-Фатиха сүресіҚазақ хандарыБастың ауыруыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМастопатияСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЕкінші Мемлекеттік ДумаТалас шайқасыСақтарЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыШоқан Шыңғысұлы УәлихановЕкінші дүниежүзілік соғысҚуық түбі безінің қабынуыЖүрек аурулары