Айжарқын Қанайұлы

Айжарқын Қанайұлы (1855 жыл, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы1930 жыл 8 наурыз) – батыр, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, Ырғыз көтерілісі (1930 жыл) басшыларының бірі. Алшын руының шөмекей тайпасынан шыққан.

Айжарқын батыр
Туған күні

1855 (1855)

Қайтыс болған күні

8 наурыз 1930 (1930-03-08)

Азаматтығы

Қазақ КСР

Қызметі

Қазақ батыры, 1916 жылғы көтеріліс ханы.

1916 жылғы көтеріліске қатысуы

өңдеу

Николай II-нің маусым жарлығына (1916 жыл) мойынсұнбаған Айжарқын Қанайұлы Кенжеғара болысында көтеріліс ұйымдастырады. 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер оны хан сайлады. Айжарқын сарбаздары Ырғыз бен Торғай арасында батыл соғыс қимылдарын жүргізді. Көтеріліс басып-жаншылған соң, түрмеге қамалған Айжарқынды ату жазасынан Ақпан революциясы құтқарды.

Ұжымдастыруға қарсы қарулы бас көтеруі

өңдеу

1930 жылдың ақпан – наурыз айларында туған жері – қазіргі Қостанай облысы Жетіқара ауылымен іргелес ауылдар шаруаларының Кеңес үкіметінің күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы көтерілісін бастады. Көтерілісшілерге көрші аймақтың қазақтары қосылды. Хазірет Мұқантай Сәметовпен бірге Айжарқын Қанайұлы ақсақал бастаған халық жасағы Ырғызға шабуыл жасады. Айжарқын Қанайұлы Ырғыз маңындағы Көлқамыс деген жерде ОГПУ әскерімен шайқаста қаза тапты. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X

Сыртқы сілтемелер

өңдеу