Бластопор

Бластопор (blastoporus; грек, blastos — өскін және porus — тесік) — жануарлар ұрығы ішіндегі қуысының (бластоцельдің, гастроцельдің) сыртқы қоршаған ортаға ашылатын тесігі. Бластопор — ұрықтың біріншілік ауызы немесе гастропор деп те аталады. Ұрық бластопорын жоғарғы, төменгі, оң және сол екі бүйір қабырғасындағы ұрық ернеулері шектеп тұрады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


🔥 Top keywords: