Вильгельм Виндельбанд

Вильгельм Виндельбанд (11.05.1848, Потсдам - 22.10.1915, Гейдельберг) - неміс философы неокантиандықтын баден мектебінің негізін салушы; құндылықтар ілімімен, логика, этика, т.б ғылымдармен айналысқан.[1]

Вильгельм Виндельбанд әлеуметтік зерттеулерде идеографиялық және нанотеттік бағыттарды колданды. Соңғысы ғылыми заңдарды ашумен байланысты, ал біріншісі жеке тарихи құбылыстарды зерттеуде қолданды. Виндельбанд әлеуметтануда жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдануға болады деп пайымдады. Әсіресе тарихи және мәдени құбылыстарды зерттеуде идеографикалық әдістерді қолдану керектігін мойындау керек. Ол мәдени салада зерттеу жүргізуде құндылықтардың маңыздылығын көрсетті.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Wilhelm Windelband