Геотермия

Геотермия (гео... және therme — жылу) — Жердің жылу өрісін зерттейтін ғылым, геофизика саласы. Жылу өрісі сыртқы және ішкі энергия көздерінің әсерінен түзіледі. Сыртқы энергияның басты көзі — Күн сәулесі. Жердің ішкі энергия көздерінің ең бастысы — радиоактивтік элементтердің ыдырауы. Жер қыртысында жылу өрісінің температуралық жағдайына байланысты үстіңгі (гелиотермиялық) және астыңғы (геотермиялық) белдемдер бөлінеді. Тереңд. 30 — 40 м-ге дейінгі үстіңгі белдемде күн сәулесі жылуының таралуы әсер етеді. Астыңғы белдемнің температуралық жағдайын ішкі жылу анықтайды. Күн радиациясымен байланысты жылудың ауытқуы тәуліктік, маусымдық, жылдық және ғасырлық өзгерістерге жіктеледі. Тек бірнеше км тереңдікке дейінгі жер қойнауының температурасы тікелей өлшенеді. Онан арғы тереңдіктегі температура жанартау лавасының температурасы бойынша немесе кейбір геофиз. мәліметтер бойынша анықталады. 400 км-ден кейінгі тереңдіктегі температураның тек ықтимал мәндері ғана белгілі (400 км-де 1700°С, 2900 км-де 3500°С, 5000 км-де 5000°С).Жер қойнауынан келетін жылу ағынының қуаты шамамен 2,5Һ1013 Вт-қа тең. Бұл жылу баяу қызады да (107 жыл ішінде бірнеше градусқа), оның жоғ. қабаттары одан да баяу суиды. Г-лық өлшеулер жер астындағы күрделі қазбаларды (шахта, туннель, т.б.) жобалауда, мұнай және басқа кен қазбаларын барлауда, сондай-ақ, жер қойнауындағы жылуды өндірістік және тұрмыстық мақсатта пайдалануда қолданылады.

Дереккөздер

өңдеу

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат