ДДТ (Дихлордифенил-трихлорэтан)-дерлік егістікке айналған инсектицидтердің бірі. Барынша түрақты, табиғатта өте баяу ыдырайды, сондай-ақ едоуір улы ластағыш құрауышқа жатады. Сүтқоректілердің, соның ішінде адамның бауыр, бүйрек және ми ұлпаларында қорланады. ДДТ жыртқыш құстар үшін де қауіпті, өйткені кальций алмасуды бұзып, жұмыртқаның кабығын жұқартатындықтан, ұяда басу кезінде көп жарылады. ДДТ-ның (негізінен топыракта) жалпы молшері шамамен 2 900 т деп есептеледі. Қазір оны өндіру мен қолдануға тыйым салынған, алайда ол организмдерде, әсіресе балықтардың ұлпаларында бар екендігі анықталған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5