Джордж Уэлс Бидл

Джордж Уэлс Бидл (ағылш. George Wells Beadle; 22 қазан 1903, Уаху, Небраска — 9 маусым 1989) — америкалық генетик, «Бір ген — бір фермент» гипотезасының авторы.[1]

Джордж Уэлс Бидл
George Wells Beadle
Туған күні

22 қазан 1903 (1903-10-22)

Туған жері

Уаху, Небраска

Қайтыс болған күні

9 маусым 1989 (1989-06-09) (85 жас)

Ғылыми аясы

генетика

Альма-матер

Небраска-Линкольн университеті
Корнеллский университет

Марапаттары


Силлиманов лекциясы (1945, 1947)
Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесі (1950)
Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1958)
Ғылыми жетістіктері үшін Уильям Проктер жүлдесі (1981)

Өмірбаян

өңдеу

1926 жылы Небраска-Линкольн университеті бітіріп, одан кейін Корнеллді бітірді. 1931—1936 жылдары Калифорния технологиялық институты қызметкері. 1937—1946 жылдары Стэнфорд университеті профессоры. 1946—1961 жылдары Калифорния технологиялық институтында профессор, биология кафедрасының меңгерушісі.

1961—1968 жылдары Чикагского университеті президенті. 1968—1982 жылдары Америка медициналық ассоциациясының биомедициналық зерттеулер институтының директоры.

Негізгі жұмыстары

өңдеу

Цитология және Генетике бойынша, сондай-ақ метаболизмді генетикалық бақылау саласындағы зерттеулердің, тұқым қуалаушылықтың физикалық және химиялық принциптері бойынша еңбектердің авторы. Гендердің табиғаты мен функциясын жан-жақты зерттеген (жүгеріге, дрозофила шыбынына және нейроспора саңырауқұлақтарына) байланысты эксперименттерінде, бактериялардың өзінің генетикалық субстанциясын бөтенмен біріктіру әлеуетін анықтады.

Нобель жүлдесі

өңдеу

Микроорганизмдердің генетикасы бойынша өз зерттеулері үшін Э. Тейтеммен және Дж. Ледербергпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1958).

Шығармалары

өңдеу
  • Genetical and cytological studies of Mendelian asynapsis in Zea mays, N. Y., 1930;
  • An introduction to genetics…, Phil. — L., 1939 (A; H. Sturtevant-пен бірге);
  • Genetic Control of Biochemical Reactions in Neurospora, Proc.N.A.S. 1941 (E. L. Tatum-мен бірге);
  • Genetic control of metabolism, [Wash., 1952];
  • Genes and chemical reactions in Neurospora, в кн.: Les prix Nobel en 1958, Stockh., 1959.

Қайнар көзі

өңдеу