Дмитрий Александрович Разумков

Дмитрий Александрович Разумков (укр. Дмитро Олександрович Разумков; 8 қазан 1970 жыл, Бердичев, Житомир облысы , Украина КСР) — Украинаның мемлекет және саяси қайраткері. «Халық қызметшісі» партиясының жетекшісі, Зеленскийдің сайлауалды науқанының жетекшісі, Украина саяси консультативтік тобының бұрынғы директоры, ал 2019 жылдан бастап Украина Жоғарғы Радасының төрағасы (спикері) болды.[1]

Дмитрий Александрович Разумков
укр. Дмитро Олександрович Разумков
Дмитрий Александрович Разумков
Лауазымы
Ту
Ту
Украина Жоғарғы Радасының 14-ші төрағасы
Ту
Ту
29 тамыз 2019 — 7 қазан 2021
ПрезидентВладимир Зеленский
Премьер-МинистрАлексей Гончарук
Денис Шмыгаль
ІзашарыАндрей Парубий
ІзбасарыРуслан Стефанчук
Ту
Ту
IX шақырылымдағы Украина халық депутаты
Ту
Ту
29 тамыз 2019
Ту
Ту
«Халық қызметшісі» партиясысының төрағасы
Ту
Ту
27 мамыр 2019 — 10 қараша 2019
ІзашарыИван Баканов
ІзбасарыАлександр Корниенко
Өмірбаяны
ПартиясыАймақтар партиясы, Халық қызметшісі
БіліміТарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті, Мемлекеттік салық қызметі ұлттық университеті
Мамандығысаясаткер, саяси стратег
Дүниеге келуі8 қазан 1970 (1970-10-08) (53 жас)
Бердичев, Житомир облысы, Украина КСР
ӘкесіАлександр Разумков
АнасыНаталья Кудря
ЖұбайыЮлия Чайка
БалаларыАлександр және Алексей
Дмитрий Александрович Разумков Ортаққорда

Отбасы

өңдеу

Әкесі - Александр Разумков - Украинаның екінші президенті Леонид Кучманың бұрынғы көмекшісі. Ол сондай-ақ Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының орынбасары болды және ЛКСМУ Днепропетровск облыстық комитетінде жұмыс істеді.
Анасы - Наталья Кудря - Украинаның халық әртісі, Ұлттық академиялық орыс драма театрының актрисасы.
Әйелі - Юлия Чайка, бұрынғы Николаев қаласының мэрі Владимир Чайканың қызы.
Александр және Алексей атты екі ұлы бар.[2]

Балалық және жастық шағы

өңдеу

Дмитрий Разумков 1983 жылы 8 қазанда Житомир облысының Бердичев қаласында саясаткер және актрисаның отбасында дүниеге келген.
Ол 14 жасқа дейін Бердичевте анасы жағынан туыстас әжесімен бірге тұрған. Әкесі Жоғарғы Радада жұмыс істегеннен кейін, Дмитрий жоғарғы сыныпты Киевтегі орта мектепте оқып, лицей мәртебесіне ие болған №38 оқу орнын бітірген.

Одан кейін Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетіне оқуға түсіп, халықаралық экономикалық байланыстар саласында білім алды.2007-2011 жж. – Мемлекеттік салық қызметі ұлттық университеті, заңгер мамандығы бойынша бітіріп диплом алды. Ол украин тілінен басқа ағылшын және орыс тілдерін жақсы біледі.[3]

Бизнес

өңдеу

2006 жылдан бастап саяси кеңес беру және сайлау үдерістері саласында жұмыс істейді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы ақпараттық-талдау жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық пікір мен имиджді қалыптастыру стратегияларын іске асыру үшін саяси технологияларды бейімдеу және енгізу мәселелеріне маманданған. Ол украиндық саяси консалтинг тобының басқарушы серіктесі.[4]2019 жылдың маусымына дейін Разумков "Про100Кредит" ломбардтар желісінің ортақ иесі болды.

Мансабы

өңдеу

2006 жылы Разумков "Партию регионов" партиясына қосылды. БАҚ оны партияның «Жас өңірлер» жастар ұйымының саяси кеңесшісі деп атады.Разумков сол кезде бұл фактіні жоққа шығарды.

17 мамыр, 2021 жыл. Сейма Спикері Инара Мурниеце Украина Парламентінің Төрағасы Дмитрий Разумковпен кездесуі

2007 жылдың шілдесінен бастап Украинаның өңірлік даму және құрылыс министрлігінің алқа қызметін қамтамасыз ету департаментінде жұмыс істеді.

2009-2011 жылдар аралығында Разумков бірқатар компанияларда басшылық қызметтерде коммерциялық қызметпен айналысқан.

2010-2014 жылдар аралығында ол сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Сергей Тигипкомен қызметтес болды.

2013 жылдан 2014 жылға дейін Разумков Кировоград облысы Басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап ол консалтингтік компанияның директоры және басқарушы серіктесі ретінде коммерцияға қайта оралды.

2019 жылдан бастап ол президенттікке кандидат Владимир Зеленскийдің сайлауалды штабының мүшесі. Разумков Зеленскийдің сайлауалды науқанына бас кеңесші және штабтың спикері ретінде қатысады.

2019 жылғы 21 шілдеде өткен Жоғарғы Радаға сайлауда Дмитрий Разумков «Халық қызметшісі» партиясының тізімі бойынша халық депутаты болып сайланды.

Сол жылдың 29 тамызында 382 парламентшілердің дауысымен Жоғарғы Раданың спикері болып сайланды.

Сонымен қатар, Разумков Ұлттық инвестициялық кеңес пен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мүшесі болды.[5][6][7][8]

Дереккөздер

өңдеу