Дэвид Уорк Гриффит

Дэвид Уорк Гриффит (ағылш. David Llewelyn Wark Griffith; 22 қаңтар, 1875, Ла-Гранж, Кентукки23 шілде, 1948, Голливуд, Калифорния, АҚШ) – американ режиссері.

Дэвид Уорк Гриффит
ағылш. David Wark Griffith
Сурет
Дэвид Гриффит (1922)
Жалпы мағлұмат
Туған күні

22 қаңтар 1875 (1875-01-22)

Туған жері

Ла-Гранж, Кентукки, АҚШ

Қайтыс болған күні

23 шілде 1948 (1948-07-23) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Голливуд, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Белсенді жылдары

19071931

Марапаттары

«Оскар» (1936) - кинодағы ерекше еңбегі үшін

IMDb

ID 0000428

Кинодағы қызметін 1907 жылы Нью-Йорктың «Эдисон» мен «Байограф» студиясында бастады. Алғашқыда актер, сценарист болған. 1908-1912 жылдары «Байографтың» бас режиссері болып қызмет етті. Ч.Дикенс, Дж. Лондон, Э.По және Л.Н. Толстойдың шығармалары экрандады. Оның шығармалары дүние жүзі кино өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Режиссерлік планды кең пайдаланды. 1915-1918 жылы «Ұлттың тууы», «Дүние жүрегі» мен «Төзбеушілік» фильмін жасады. Шығармашылақ идеялық қайшылықтарға толы суреткер.

1931 жылы кинодан мүлдем қол үзді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 3 том