Елмұрат Зұлыпқарұлы Тасмұратов

Елмұрат Зұлыпқарұлы Тасмурадов[1] (өзб. Elmurod Tasmurodov, 1991 жылы 12 желтоқсанда туған) — тегі қазақ Өзбекстандық грек-рим күресшісі.[2] Азияның 5 рет чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Елмұрат Тасмұратов
өзб. Elmurod Tasmurodov
Жеке мағлұматтар
Жынысы

Ер

Толық есімі

Елмұрат Зұлыпқарұлы Тасмұратов

Лақап аты

«Дерзкий»

Азаматтығы

 Өзбекстан

Туған күні

12 желтоқсан 1991 (1991-12-12) (32 жас)

Туған жері

Ташкент облысы, Бостандық ауданы

Кәсіби карьерасы

20042021

Бойы

166 см

Салмағы

63 кг

Өмірбаяны

өңдеу

1991 жылы Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызыл-ту ауылында дүниеге келген. 2004 жылы ата-анасы оны тарихи Отаны Қазақстанға жіберіп, Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатында 4 жыл оқыды.[3] Ол Қазақстан құрамасына үміткерлердің бірі болды. 2008 жылы Дәулет Тұрлыханов турнирінде жеңілгеннен кейін бұл мүмкіндігінен айырылды. 2012 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 16-орынға ие болды.

2013 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, бұл нәтижені 2014 жылы да қайталады. Жартылай финалға шыққан ол финалға жолдама ала алмағанымен, 3-орын үшін күресте жеңіске жетіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанса, 2018 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Грек-рим күресі төртінші рет. 2019 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.[4] 2020 жылдың ақпан айында Нью-Делиде Азия чемпионы атанды. 2021 жылдың желтоқсанында ол спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады.[5]

Дереккөздер

өңдеу
  1. В некоторых источниках его фамилия передаётся по-русски как Ташмурадов
  2. Этнические казахи в зарубежном спорте Мұрағатталған 19 тамыздың 2016 жылы.
  3. Казахстанские спортсмены и тренеры за рубежом(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Борьба: Эльмурат Тасмурадов — четырехкратный чемпион Азии. Газета.uz (3 наурыз 2018).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 3 наурыз 2018.
  5. Эльмурат Тасмурадов завершил спортивную карьеру в рамках ЧУ.(қолжетпейтін сілтеме)

Сілтемелер

өңдеу