Зак Снайдер

Закари Эдвард «Зак» Снайдер (ағ. Zachary Edward «Zack» Snyder; 1966 жылдың 1 наурызы, Грин-Бэй, АҚШ) – американдық кинорежиссер, сценарийші және продюсер.

Зак Снайдер
Zack Snyder
Сурет
Снайдер, San Diego Comic-Con International-да, 2016 ж.
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Закари Эдвард Снайдер

Туған күні

1 наурыз 1966 (1966-03-01) (58 жас)

Туған жері

Грин-Бэй, Висконсин, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр, сценарийші, кинопродюсер, оператор

Белсенді жылдары

1990 — қ. у.

IMDb

ID 0811583

Өмірбаян

өңдеу

Ерте кез

өңдеу

Зак Снайдер 1966 жылдың 1 наурызында Грин-Бэйде, Висконсин штатында дүниеге келді, бірақ Гринвич, Коннектикут штатында өсті. Дэйкрофт мектебінде білім алды, сонымен қатар осы жерде оның анасы кескіндеме мен фотография өнерінің мұғалімі болды. Анасының арқасында, Зак Лондон мен Пасадинада көркем сурет өнеріне үйренеді. Снайдер Пасадинада қазіргі уақытқа шейін, екінші әйелі продюсер Дебора Снайдермен және 6 баласымен тұрып келеді[1].

Кішкентай кезінен бастап Зак фантастикалық фильмдерге қызыққан. Оның ұнатуына «Жұлдызды соғыстар» көп әсер етті. Зактың әуесқойлығын байқаған оның ата-анасы оған видеокамера сыйлайды. Осы «ойыншық» арқылы ол режиссурада бірінші қадамдар жасайды.

Мансабы

өңдеу

90 жылдардың басында жас режиссер жарнамалар түсіреді. Ол «Reebok», «Nike», «Будвайзер», «BMW», «SUBARU», «Магнум» және «Митцубиси» сияқты ірі компанияларға қызмет көрсетеді. Ол өзін дарынды және талантты режиссер және сценарист ретінде көрсетеді. Зак «Клио» жүлдесін ұтып алады. Кейін ол тіпті Канн фестивалінде «Jeep» үшін түсірілген «Frisbee» ролигі үшін «Алтын арыстан» жүлдесін иеленеді.

Снайдердің бейне роликтерінде көптеген жұлдыздар түсті. Режиссер Харрисон Форд, Роберт Де Ниро, Кэтрин Зета-Джонс, Майкл Джордан және Мартина Навратилова сияқты атақты адамдармен жұмыс істеді.

Майкл Джордан Зактың алғашқы жұмыстарының біріне қатысты. Ол «Майкл Джорданның ойын алаңы» атты деректі фильмінде басты ролді сомдайды. Кинофильм прокатқа 1990 жылы шықты.

Зак Хэзер Нова, Morrissey, Шон Коллинз және «Soul Asylum» тобына музыкалық бейне клиптер түсіреді. 2002 жылы режиссер Columbia Pictures компаниясымен келісім шартқа отырады. Олар «S.W.A.T.» сериалы бойынша толықметражды фильм түсіре бастайды. Басында, түсірілімдер ойдағыдай жүрді, бірақ кейін жұмыстың бүге-шегесін және нюанстарын Зак ұғынғасын, ол оның және компанияның ойлары әр түрлі екенін түсініп, жұмыстан бас тартады.

2004 жылы Зак Джордж Ромероның «Өліктердің рауаны» атты хоррорына ремейк түсіреді. Сыншылардың келіспеушілігіне қарамастан, фильм үлкен табыс тапты және көп мөлшерде ақша жинады.

Режиссерге нағыз атақты алып келген «300 спартандықтар» фильмі болып келеді. Бұл фильм Фрэнк Миллер мен Линн Варлидің романы бойынша түсіріліп, айтарлықтай табысқа жетіп, Зак барлығының назарын өзіне және жаңа жобаларына аударды.

Зактың келесі жобасы – Алан Мур мен Дэйв Гиббонстың комиксі «Қорғаушылар». Фильм «300 спартандықтар» сияқты табысқа жеткен жоқ. Бірінші уик-эндте ол $55 миллион жинады.

Фильмография

өңдеу
ЖылҚазақша атауыТүпкі атауыРежиссёрПродюсерСценарийшіОператорБюджет, млн $Жалпы жиын, млн $
2004Өліктердің рауаны (орыс.)Dawn of the Dead'ИәЖоқЖоқЖоқ26102,4
2006300 спартандықтар (орыс.)300ИәЖоқИәЖоқ65456,1
2009Қорғаушылар (орыс.)WatchmenИәЖоқЖоқЖоқ130185,3
2009Сақтаушылар: Қара шхунаның хикаясы (мультфильм)Tales of the Black FreighterЖоқЖоқИәЖоқ
2010Түнгі қорғаушылардың аңыздарыLegend of the Guardians: The Owls of Ga’HooleИәИәЖоқЖоқ80140,1
2011Рұқсат берілмеген тәсілSucker PunchИәИәИәЖоқ8289,8
2013Құрыш адамMan of SteelИәЖоқЖоқЖоқ225668
2014300 спартандықтар: Империяның гүлденуі300: Rise of an EmpireЖоқИәИәЖоқ110337,6
2016Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңыBatman v Superman: Dawn of JusticeИәЖоқЖоқЖоқ250[2]873,6[3]
Жанкештілер жасағыSuicide SquadЖоқБастыЖоқЖоқ175[4]746,8[5]
2017Ғажайып әйелWonder WomanЖоқИәСюжетЖоқ149[6]822,1[7]
Әділдік лигасыJustice LeagueИәЖоқСюжетЖоқ300[8]657,9[9]
2018АкваменAquamanЖоқБастыЖоқЖоқ1601148
2020Ғажайып әйел: 1984Wonder Woman 1984ЖоқИәЖоқЖоқ200166,1[10]
2021Зак Снайдердің Әділет ЛигасыZack Snyder's Justice LeagueИәЖоқСюжетЖоқ70370
Өліктердің әскеріArmy of the DeadИәИәИәИә7090
Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясыThe Suicide SquadЖоқБастыЖоқЖоқ185167,4
Ұрылар әскеріArmy of ThievesИәИәИәИә90
2023ФлэшThe FlashЖоқБастыЖоқЖоқ
TBAАй көтерілісіRebel MoonИәИәИәИә

Музыкалық бейне клиптері

өңдеу
ЖылӘртісӘн
1992Peter Murphy«You’re So Close»
Morrissey«Tomorrow»
Soul Asylum«Somebody to Shove»
1993Soul Asylum«Black Gold»
Alexander O’Neal«In the Middle»
1994Dionne Farris«I Know»
2009My Chemical Romance«Desolation Row»

Дереккөздер

өңдеу
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуРухия БайдүкеноваИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБаланы қырқынан шығаруҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыТұрсынбек Аманғалиұлы ҚабатовМұхаммедБесін намазыОйжұмбақ 2Туыстық атауларыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыБауыржан МомышұлыӘл-Фатиха сүресіҚазақ руларыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақ хандарыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміАлланың есімдеріЖүрек ауруларыМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАрнайы:Жуықтағы өзгерістерҚоңыратБұзаубасҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШоқан Шыңғысұлы УәлихановМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыКөкжөтелШегірткеҚуық түбі безінің қабынуыСоқырішек