Карл Теодор Дрейер

Карл Теодор Дрейер (дат. Carl Theodor Dreyer; 3 ақпан, 1989, Копенгаген — 20 наурыз, 1968, Копенгаген, Дания) — даниялық жаңашыл кинорежиссёр және сценарийші, еуропалық кино өнерінің басты шеберлерінің бірі.[1]

Карл Теодор Дрейер
дат. Carl Theodor Dreyer
Сурет
Карл Теодор Дрейер (1965)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Карл Теодор Дрейер Нильсен

Туған күні

3 ақпан 1889 (1889-02-03)

Туған жері

Копенгаген, Дания

Қайтыс болған күні

20 наурыз 1968 (1968-03-20) (79 жас)

Қайтыс болған жері

Копенгаген, Дания

Азаматтығы

 Дания

Мамандығы

режиссёр
сценарийші

Белсенді жылдары

19191964

Марапаттары

«Алтын арыстан» (1955)

IMDb

ID 0003433

Өмірбаяны

өңдеу

Дрейер дат фермері мен Сканиялық кедейдің некесіз туған баласы болды. Анасы түсік жасату кезінде дүниеден өтті. Жетімдерге арналған үйлерде бірнеше жыл өмір сүргеннен кейін Карлды қатал лютерандық Дрейерлер отбасы асырап алды.

18 жасында Дрейер үздік бағалармен гимназияны аяқтағаннан кейін ата-анасын тастап, журналистикамен айналыса бастады. Негізінен, «Политикен» либералды баспасымен бірге жұмыс істеді.

1912 жылдан 1919 жылға дейін Дрейер «Нордиск» киностудиясында сценарист жəне титрлерді өңдеуші болып қызмет етті. Осы жылдары оның сценарийі бойынша 22 фильм түсірілді.

Дрейердің алғашқы өзіндік фильмі Францоздың «Президент» романының экранизациясы болды. Бұл фильмде өз баласын өлтірмекші болған ана туралы оқиға баяндалады. Алайда көрермендер үшін «Шайтан кітабының беттері» фильмі оның алғашқы еңбегі болып қала берді. Бұл төрт қысқаметражды оқиғадан тұратын, Гриффиттің «Шыдамсыздық» фильмі секілді еңбегі болатын.

1920 жылдары Дрейер халықаралық режиссер атанды, Швеция, Германия, Норвегия мен Францияда фильм түсірді. Тек осы мемлекеттерде оған қаржылық қолдау көрсетілді. Осы кезең еңбектерінің қатарына оның Герман Бангтың романының желісі бойынша түсірілген «Михаэль» фильмі жатады.

1927 жылы Дрейер мылқау кинематографтың шарықтау шегі болған, көрермендерді өзінің қайталанбас шынайылығымен таңғалдырған «Жанна д’Арктың құштарлығы» фильмін түсірді. Эйзенштейн оны кинематограф тарихындағы «ең керемет» фильмдердің бірі деп атады. Дрейердің режиссерлік стилінің негізіне жақыннан түсіру айналды, осылайша, кейіпкердің психологиялық ахуалын кішігірім өзгешеліктер арқылы көрсету қолға алынды.

«Ұлы тоқырау» жылдарында скандинавиялық кино өнері де дағдарысқа ұшырады, Дрейер болса журналистикаға оралды, теоретикалық мақалалар жазды. Кейінірек бұл мақалалар жинала келіп, «Кино жайлы» кітабын құрады. 1931 жылы Берлинде ол өзінің алғашқы дыбысты фильмі болған «Вампирді» түсірді. Бұл фильм неміс экспрессионизміне жатқызылды. Қорқынышты əрі шынайылыққа сəйкес келмейтін бұл тəжірибелік фильм классика қатарына жатқызылып, көрермендерді ғана емес, кино сыншыларын да таңғалдырды.

Көрермендерден көңілі қалып, материалға асқан дəлдікпен сараптау жасай келе Дрейер қаржы жетіспеушілігінен зардап шекті. Осы қиындықтардың нəтижесінде өмірінің соңына дейін Карл тек үш фильм түсірді. Олардың негізгі ерекшелігіне өте ұзақ жоспарлау жұмыстары, барлық көріністердің алдын ала дайындалуы мен сценарийдің қарама қарсылығы жатады.

«Қаһарлы күн» (1943) — Норвегиядағы мыстандарға жасалған ортағасырлық аңшылық жайлы əңгіме, Дрейердің замандастары фильм фашисттердің Еуропаны басып алуын көрсету үшін түсірілді деп тұжырымдады (Дрейердің өзі бұл тұжырымдаманы жоққа шығарды). Екінші фильм «Екі адам» деп аталды. Швецияда түсірілген бұл фильмде Дрейер өз атын титрлардан алып тастады. Соғыстан кейінгі жылдарда мемлекет қазынасынан қаржыландырылған қысқаметражды деректі фильмдер түсірумен айналысты.

Дрейердің «Сөз» деп аталатын келесі толықметражды фильмінің негізі болған баяу əрі даңқты темп «Қаһарлы күн» көрермендерін таңғалдырды. Бұл фильмнің 1955 жылғы Венеция кинофестиваліндегі алғаш көрсетілімі жəне оған «Алтын арыстан» сыйлығының берілуін бүкіл əлем қызу қарсы алды. Дания билігі Дрейердің қол астына ел астанасындағы «Дагмар» кинотеатрын берді. Бұл кинотеатрдан түскен пайдаға «тірі классик» атанған Дрейер Яльмар Сёдербергтың драмасының желісі бойынша «Гертруда» (1964) фильмін түсірді.

Дрейер Иса пайғамбардың өмірі жайлы фильмді жоспарлау кезінде пневмониямен ауырып, дүниеден өтті. Оның орындалмай қалған тағы бір жоспары «Живаго дəрігер» романының экранизациясы болды.

Фильмографиясы

өңдеу

Толықметражды фильмдері

өңдеу
  • 1919 ж. — «Президент» / Præsidenten
  • 1920 ж. — «Шіркеу қызметшісінің жесірі» / Prästänkan (Дания — Швеция)
  • 1921 ж. — «Шайтан кітабының беттері» / Blade af Satans bog
  • 1922 ж. — «Таңбаланған» / Die Gezeichneten (Германия)
  • 1922 ж. — «Бірде» / Der var engang
  • 1924 ж. — «Михаэль» / Michael (Германия)
  • 1925 ж. — «Əйеліңді қадірле» / Du skal ære din hustru
  • 1926 ж. — «Гломдалдың келіні» / Glomdalsbruden (Норвегия — Швеция)
  • 1928 ж. — «Жанна д’Арктың құштарлығы» / La Passion de Jeanne d'Arc (Франция)
  • 1932 ж. — «Вампир» / Vampyr — Der Traum des Allan Grey (Германия — Франция)
  • 1943 ж. — «Қаһарлы күн» / Vredens dag
  • 1945 ж. — «Екі адам» / Två människor (Швеция)
  • 1955 ж. — «Сөз» / Ordet
  • 1964 ж. — «Гертруда» / Gertrud

Қысқаметражды фильмдері

өңдеу
  • 1942 ж. — «Аналарға көмек» / Mødrehjælpen (12мин.)
  • 1946 ж. — «Ауылдағы су» / Vandet på landet
  • 1947 ж. — «Ракпен күрес» / Kampen mod kræften (15мин.)
  • 1947 ж. — «Ауыл шіркеуі» / Landsbykirken (14мин.)
  • 1948 ж. — «Олар кемеге үлгерді» / De nåede færgen (11мин.)
  • 1949 ж. — «Торвальдсен» / Thorvaldsen (10мин.)
  • 1950 ж.— «Сторстремдегі көпір» / Storstrømsbroen (7мин.)
  • 1954 ж. — «Қамалдағы қамал» / Et Slot i et slot

Библиографиясы

өңдеу
  • Schrader P. Transcendental style in film: Ozu, Bresson, Dreyer. Berkeley: University of California Press, 1972
  • Bordwell D. The films of Carl-Theodor Dreyer. Berkeley: London: University of California Press, 1981.
  • Houe P. Carl Theodor Dreyer's cinematic humanism. Minneapolis: Center for Nordic Studies, University of Minnesota, 1992
  • Laporte M. A la recherche de Carl Theodor Dreyer. Paris: Centre National de la Cinématographie, 1997.
  • Sémolué J. Carl Th. Dreyer: le mystère du vrai. Paris: Cahiers du cinéma, 2005.

Дереккөздер

өңдеу
  1. The 1,000 Greatest Films (Top 250 Directors). They Shoot Pictures, Don't They.