Мэлс Азыйұлы Қосымбаев

Мэлс Қосымбаев[1] (Жетісай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 1970 жыл) — кеңестік және қазақстандық ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1999).

Мэлс Азыйұлы Қосымбаев
Туған күні

11 желтоқсан 1970 (1970-12-11) (53 жас)

Туған жері

Жылысу ауылы, Жетісай ауданы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Мансабы

ақын, айтыскер

Жанры

поэзия

Шығармалардың тілі

қазақ

Марапаттары
Сыйлықтары

Дарын (2004)

Мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысты. 1990 жылы 3-республика ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысының және 2001 жылы Республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері.[2]

  • ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері;
  • Орал педагогика институтын (1992) бітірген;
  • Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1988–2006);
  • 2006 жылдан Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді;
  • Қосымбаев – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айтулы суырып салма айтыс ақындарының бірі.

Марапаттары мен атақтары

өңдеу
  • Республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988–2007)[3]
  • 2001 (10 желтоқсан) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • 2004 (14 желтоқсан) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы халық шығармашылығы номинациясы бойынша[4]
  • Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс» Қазақстан чемпионатының (2007) бас жүлдегері;
  • 2007 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның мәдениет қайраткері» құрмет төсбелгісі — мәдениет пен өнердегі жетістіктері үшін
  • 2015 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» ордені[5].
  • 2021 (2 желтоқсан) «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді

Дереккөздер

өңдеу