Нивальды белдеу

Нивальды белдеу, нивалдық белдеу, нивалдық-гляциалдық белдеу (лат. nіvalіs – қарлы, суық), көп жылдық қар белдеуі (мәңгі қар мен мұз белдеуі) – таудағы ең жоғарғы табиғи белдеу; мәңгі қарлар мен мұздықтар белдеуі; қар сызығынан жоғары орналасқан таулардағы, сондай-ақ полюс атыраптарындағы нивальдық климатты ең жоғары биіктік белдеу. Қар шекарасынан жоғары жатады. Нивальды белдеудің төменгі шекарасы полюстік аймақта: Антарктида мен Гренландияда теңіз деңгейіне ұштасады, Орталық Азияның Гималай, Гандисышань, Памир, тағы басқа тау жоталарында және Оңтүстік Америкадағы Анд тауларында 6500 м биіктіктен өтеді. Қатты түрде түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері олардың еру және булану мөлшерінен артық. Мұздықтар мен қар алаңы көбіне беткейдің көлеңкелі жағында пайда болады. Тау беткейінің тік жерлерінде қар көшкіні жиі болып, беткей жыныстарының физикалық үгілулері қарқынды жүреді. Өсімдік дүниесі өте кедей: Нивальды белдеуде мүк пен қына ғана өседі.[1][2]

A.
Нивальды белдеу жері.

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6