Полимерлеу

(Полимерлену бетінен бағытталды)

Полимерлеумономерлерден полимер молекулаларын құрау процесі. Амин қышқылдарынан полипептидтерді, нуклеин кышқылдары негізінен полинулеотидтерді, моносахаридтерден полисахаридтерді құрау — тірі организмдердің биологиялық процестерінің негізгі сатылары.

[1]

A.
Анионная полимеризация этиленоксида в полиэтиленгликоль

Полимерлену — мономерлердің активті орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу (nM(—M—)n) процесі. Полимерленуге еселі байланысты (CC, C=C, C=O, CN, т.б.) немесе байланыстары ашылу мүмкіндігі жоғары циклді топтар қатысады. Полимерленуге қатысқан мономерлердің санына қарай бір мономер қатысса гомополимерлену (стиролдың Полимерленуі), екі немесе бірнеше мономерлер қатысса сополимерлену (стирол мен метилметакрилаттың біріккен Полимерленуі) болып бөлінеді.

Полимерлену тізбекті реакцияға жатады және негізгі төрт сатыдан тұрады:

  1. активті орт-тың түзілуі;
  2. тізбектің өсуі;
  3. тізбектің үзілуі;
  4. активті орт-тың басқа бөлшекке өтуі (мысалы, полимер, мономер, еріткіш). Полимерлену активті орт-тың табиғатына байланысты радикалды және ионды деп бөлінеді. Полимерленуде полимердің молекула мөлшері ұлғая бермейді, ол реакция жағдайына қарай белгілі мөлшерге дейін тез өсіп, тізбек үзілгенде тұрақтанады. Полимерлену кезінде тізбек ұзындығына әсер ететін реттегіштер және процесті тежейтін ингибиторлар қолданылады. Қазақстанда ҚазҰУ-де (Е.Шайхутдинов және З.Нүркеева жетекшілігімен) қасиеттері жетілдірілген пластификаторлар, флокументтер және ингибиторлардың жаңа түрлері алынды; ультрадыбысты диагностикалық зерттеулерде жанасу ортасы ретінде қолданылатын “Полигель” материалы өндіріске енгізілді.

Пайдаланылған әдебиет

өңдеу

“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том

Пайдаланған әдебиет

өңдеу
  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X
🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат