Сары теңіз
Сары теңіз (қыт. 黃海) — Тынық мұхиттың Азия жағалауында орналасқан. Аумағы 416 мың км². Орташа тереңдігі 40 м, ең терең жері 106 м. Ірі шығанақтары: Бохайвань, Ляодун және Батыс Корей; бұғаздары Бохай, Лаотешань, т.б. Сары теңізге Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян (Амноккан) өзендері құяды. Суының температурасы ақпанда 0 — 8°С, тамызда 24 — 28°С. Тұздылығы 26‰-тен 34‰-ке дейін ауытқиды. Толысуы жарты тәуліктік (3 — 4 м-ден 9 м-ге дейін). Теңізден балық, шаян, т.б. ауланады. Негізгі порттары: Тяньцзинь, Яньтай, Циндао, Далянь, Люйшунь (Қытай), Нампхо (КХДР), Инчхон (Корея Республикасы).
Сары теңіз | |
NASA ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 416 мың км² |
Көлемі | 17 мың км³ |
Тереңдігі | 106 м |
Орташа тереңдігі | 40 м |
Орналасуы | |
35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Сары теңіз Ортаққорда |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақша жыл санауАбай ҚұнанбайұлыАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАрнайы:Жуықтағы өзгерістерЕтеккірҚазақстанШыңғыс ханӘл-Фатиха сүресіБесін намазыМұхаммедҚазақ хандарыАлланың есімдеріҚазақ хандығының құрылуыСақтарКөкжөтелЗәр шығару жүйесіБаланы қырқынан шығаруОм заңыҚазақ руларыҚуық түбі безінің қабынуыШоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүрек ауруларыМұхтар Омарханұлы ӘуезовБауыржан МомышұлыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыЕкінші Мемлекеттік ДумаТуыстық атауларыКөмірсуларОйжұмбақ 2Шәкәрім ҚұдайбердіұлыЖасушаТүрік қағанатыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыЫбырай АлтынсаринЖүсіпбек АймауытовСалауат