Солтүстік Қоңырат вольфрам-молибден кен орны

Солтүстік Қоңырат вольфрам-молибден кен орны - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан.


Кен орны 1942-1946, 1949-1954, 1960-1964 жылдары барланған.

Геологиялық құрылымы

өңдеу

Кентас кендері Қоңырат массивінің биотитті граниттерінде және жоғары девон (D3) мен төмен карбонның (С1) шөгінді-метаморфтық, эффузия-туфогендік тау жыныстарының жапсарында дамыған кварц желілерінде, грейзендерде, грейзенденген граниттерінде орналасқан.

Жатыс сипаты, минералдары

өңдеу

Қалыңдығы 0,5-0,9 метрдей 60-қа жуық ірі кварц желілері мен грейзендер бір-біріне қатарласа, салалана орналасқан 6 белдемге шоғырланған. Кентастың басты минералдары: вольфрамит, молибденит, висмутин, шеелит, т.б. Шашыранды химиялық элементтеріне селен, теллур, рений, скандий жатады. Тереңдігі 15-40 метр болатын тотығу белдемдерінде повеллит, бисмутит, бисмит, т.б. кездеседі. Кентасы жеңіл байытылады. Қоры жағынан шағын кендерге жатқызылады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат