Су асты вулканизмі

Су асты вулканизмі — су астында вулкандық әрекеттің пайда болуы. Мұндай вулкан атқылағанда, вулкандық аралдар пайда болады. Бірақ бұл аралдар су асты вулканының төбесі ғана болып табылады. Жаңа вулкандық аралдар тез жоғалады, немесе өзінің формасын өзгертеді (мысалға Куриль қырқасындағы Иоан Богослав аралын алуға болады), бірақ көп сақталатындары да аз емес (Эгей теңізіндегі Санторин аралы). Су асты вулканы атқылағанда, теңіз суының температурасы жоғарылайды, теңіз жануарлары орасан қырғынға ұшырайды және қалың қара бу, күл мен пемза араласқан су бағандары атылып, қатты шу шығады.

Су асты жанартауы түзген жастық тәрізді лава

Дереккөздер

өңдеу
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.