Халықаралық астрономиялық одақ

Халықаралық Астрономиялық Одақ (ХАО)— Ғылыми одақтардың халықаралық кеңесінің құрамына енетін халықаралық қоғамдық ұйым. 1919 ж. құрылған, оған 85[1] мемлекет мүше. КСРО 1935 жылдан Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың мүшесі болды Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың атқаратын негізгі міндеттері:

  1. астрон. зерттеулер мен астрономияның барлық бағыттарының (салаларының) дамуына көмектесу;
  2. астрономия саласында халықар. ғыл. кооперация ұйымдастыру;
  3. басқа халықаралық Ғылыми Ұйымдарда астрономия ғылымының мүдделерін қорғау.

Халықаралық Астрономиялық Одақтың жұмысшы органдары: ХАО-ның атқару комитеті және астрономияның жеке мәселелері бойынша құрылған комиссиялары (2004 ж. 40 комиссия). ХАО комиссиялары өзінің негізгі үйлестіру жұмыстарын конференциялар мен симпозиумдарды ұйымдастыру, т.б. арқылы жүргізеді. ХАО-ға басшылық ету жұмысын Халықаралық Астрономиялық Одақтың Бас ассамблеясы атқарады. Ол 3 жылда 1 рет Xалықаралық Одаққа мүше елдердің бірінде өткізіледі.

Сілтемелер:

өңдеу

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

  1. https://www.iau.org/administration/membership/national/
🔥 Top keywords: Басты бетҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуРухия БайдүкеноваИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБаланы қырқынан шығаруҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыТұрсынбек Аманғалиұлы ҚабатовМұхаммедБесін намазыОйжұмбақ 2Туыстық атауларыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыБауыржан МомышұлыӘл-Фатиха сүресіҚазақ руларыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақ хандарыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміАлланың есімдеріЖүрек ауруларыМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАрнайы:Жуықтағы өзгерістерҚоңыратБұзаубасҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШоқан Шыңғысұлы УәлихановМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыКөкжөтелШегірткеҚуық түбі безінің қабынуыСоқырішек