Хейли Бибер

Хейли Роуд Бибер (Болдуин) (ағылш. Hailey Rhode Bieber (Baldwin); 22 қараша 1996, Тусон, Аризона, АҚШ) — америкалық модель және тележұлдыз. Стивен Болдуиннің кіші қызы, 2018 жылдан бері Джастин Бибердің жұбайы.

Хейли Бибер
Hailey Bieber

Хейли Бибер 2018 жылы
Туған кездегі есімі

Хейли Роуд Болдуин

Туған күні

22 қараша 1996 (1996-11-22) (27 жас)

Туған жері

Тусон (Аризона), Аризона, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Белсенді жылдары

2014–қазіргі күн

Жұбайы

Джастин Бибер

Модельдік ақпарат
Бойы

171 см

Шашы

аққұба

Агенттігі

IMG Models

IMDb

ID 2440257

Ерте өмірі

өңдеу

Хейли Аризона штатындағы Тусон қаласында Стивен Болдуин мен Кеннии Деодато Болдуиннің отбасында дүниеге келді. Әкесі актер, Болдуин ағайындарының ішіндегі ең кішісі, ал анасы дизайнер. Анасының қанында бразилия, португал, итальян және испан ұлттарының қандары араласқан, ал әкесінің қанында ағылшын, ирланд, шотланд, француз және неміс ұлттарының қандары араласқан. Оның анасы жағынан келген атасы композитор Эумир Деодато.[1] Хейлидің 1993 жылы туылған, модель болып жұмыс жасайтын Алайа есімді әпкесі бар.

Өзінің балалық шағын Нью-Йорк штатындағы Наяк қаласында өткізді. 5 жасынан бастап Хейли классикалық балетпен айналыса бастады кәсіби балерина болуды армандады, бірақ 12 жылдан кейін аяғындағы ауыр жарақаттың кесірінен сүйікті жұмысын тастауына тура келді.[2]

Сегізінші сыныптан кейін сабағын үйінде оқып бастады. Өйткені оның айтуынша сыныптастарымен араласуы қиын, себебі олар оның танымал отбасы туралы тым көп сұрақтар қоя береді.[3] Сондай-ақ, ол Шығыс Христиан Мектебінде оқып, евангелиялық христиандар рухында тәрбие алған. Хейли өте діншіл келеді, жиі шіркеуге барады және әлеуметтік желілерінде жиі Библиядан алынған дәйексөздерімен бөліседі.

Мансабы

өңдеу

Хейли өз мансабын 2014 жылы бастады. Хейли серіктестігін бастаған ең алғашқы модель агенттігі Ford Models болды. Хейли Tatler, Love, V, i-D секілді журналдарға түсе бастады. Және French Connection киім брендінің қысқы маусымының түсіріліміне қатысты. 2014 жылдың қазан айында Topshop және француз модельері Сони Рикельдің көрсетілімдерінде Хейли алғаш рет подиумға шықты. 2014 жылдың желтоқсан айында Love журналына арналған фотосессияға және фотограф Дэниел Джексон түсірген қысқа фильмнің түсіріліміне қатысты. Бұл қысқа фильм журналдың YouTube-тағы ресми арнасында жарияланды.

2015 жылдың қаңтар айында Хейли америкалық Vogue журналына түсті, ал 2015 жылдың наурыз айында Teen Vogue журналына түсті. 2015 жылдың сәуір айында Хейли алғаш рет журналдың қаптамасында пайда болды — Jalouse журналында. Осы айда Хейли голландтық L’Officiel және америкалық Wonderland журналдарының қаптамаларына түсті. 2015 жылдың шілде айында Polo Ralph Lauren брендінің жарнамасының түсіріліміне аустралиялық әнші Коди Симпсонмен бірге қатысты, ал 2015 жылдың қазан айында Tommy Hilfiger және Philipp Plein-нің подиумдағы көрсетіліміне қатысты.

2016 жылдың қаңтар айында Хейли Polo Ralph Lauren кампаниясында көрінді, сондай-ақ Vogue корей басылымына түсті.

Жеке өмірі

өңдеу

2017 жылдан 2018 жылға дейін Хейли канадалық әнші, ән авторы, модель Шон Мендеспен қарым-қатынаста болды. 7 шілде 2018 жылы Хейли канадалық әнші Джастин Бибермен атастырылғаны белгілі болды.[4] 23 қараша 2018 Хейли мен Джастин ресми түрде ерлі-зайыпты атанғаны расталды.[5] Бұл жұп 2015 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың қаңтар айына дейін қарым-қатынаста болған, содан кейін қарым-қатынастарын 2018 жылдың маусым айында қайта бастады. Хейли әлеуметтік желілерде өзінің туған тегі Болдуинді Бибер тегіне алмастырды және «Хейли Бибер» деген жаңа тауар белгісін тіркеуге сұраныс жіберді.[6]

Хейли евангелиялық христианмен тәрбиеленді және көп жыл бойы Джастин Бибердің де баратын «Хиллсонг» шіркеуіне барып жүр. Сол жерде олар танысқан.[7]

Хейлидің денесінде 19 тату бар, бірақ Хейли олардың көрінбейтінін айтты.[8]

Фильмдер тізімі

өңдеу

Телевидение

өңдеу
ЖылАтауыРөліЖазба
2005Livin It: Unusual SuspectsӨзінДеректі фильм
2009Saturday Night LiveЭпизод: "Alec Baldwin/Jonas Brothers"
2015Secrets of New York Fashion WeekДеректі фильм
2017–қазіргі күнDrop the MicӨзін (бірге)
20182018 iHeartRadio Music AwardsАрнайы

Музыкалық видео

өңдеу
ЖылАтауыӘртісРөлі
2011On My MindКоди СимпсонМахаббат қызығушылығы
2016Love to Love You BabyБатист ДжабикониҚыз
201910,000 HoursDan + ShayӨзін
2020Stuck with UАриана Гранде және Джастин БиберӨзін
2020PopStarDJ Khaled, Drake, Джастин БиберHerself[9]

Марапаттар мен номинациялар

өңдеу
ЖылМарапатСанатНәтижеДер.
2016Teen Choice AwardsЕң ыстық әйелНоминация[10]
Үздік модельНоминация[10]
2017Номинация[11]
2018Үздік ТВ тұлғаНоминация

Дереккөздер

өңдеу
  1. Kennya Baldwin- Stephen Baldwin's Wife (PHOTOS) - DailyEntertainmentNews.com  (ағыл.), DailyEntertainmentNews.com (2 April 2013). Тексерілді 8 мамырдың 2018.
  2. Glamour. Hailey Baldwin: "Things get pretty lonely I’m not going to lie". Тексерілді 9 мамырдың 2018.
  3. Who Is Hailey Baldwin? Here's 10 Things You Didn't Know About This 18-Year-Old, Celebuzz (16 маусым 2015). Тексерілді 9 мамырдың 2018.
  4. Respers France, Lisa. Justin Bieber confirms engagement to Hailey Baldwin  (ағыл.), CNN (11 July 2018).
  5. Respers France, Lisa. Justin Bieber confirms he is a 'married man'  (ағыл.), CNN (23 November 2018).
  6. Burroni, Christine. Hailey Baldwin trademarks ‘Hailey Bieber’  (ағыл.), Page Six (20 October 2018).
  7. Petit, Stephanie. Inside Hillsong: All About the Church That's Attracted the Likes of Justin Bieber and Chris Pratt  (ағыл.), People (9 July 2018).
  8. LIVEKellyandRyan Hailey Baldwin on Her 19 Tattoos (26 сәуір 2018). Тексерілді, 9 мамыр 2018.
  9. Justin Bieber Comes to the Rescue In DJ Khaled's 'Popstar' Featuring Drake: Watch (4 қыркүйек 2020).
  10. a b First Wave Of “Teen Choice 2016” Nominees Announced And #1 Voted Surfboard Revealed.  (ағыл.)
  11. Майк Вульпо Teen Choice Awards 2017 Reveal "Second Wave" of Nominations (12 липня 2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 липня 2017. Тексерілді, 12 липня 2017.  (ағыл.)

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат