Хорхе Вальдано

Хорхе Альберто Франсиско Вальдано Кастельянос (ис. Jorge Alberto Francisco Valdano Castellanos; 4 қазан, 1955, Лас-Парехас, Санта-Фе, Аргентина) — аргентиналық футболшы, 1970-80 жылдары Аргентинаның сапында ойнаған шабуылшы.

Хорхе Вальдано Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Хорхе Альберто Франсиско Вальдано Кастельянос

Лақап аттары

El Filósofo, Valdanágoras, El Poeta

Туған күні

4. 10. 1955

Туған жері

Лас-Парехас, Санта-Фе , Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

188

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1971—1975Аргентина Ньюэллс Олд Бойз49 (11)
1975—1979Испания Депортиво Алавес63 (21)
1979—1984Испания Реал Сарагоса143 (46)
1984—1987Испания Реал Мадрид85 (40)
Ұлттық құрамы[* 2]
1975—1986 Аргентина22 (11)
Бапкерлік карьерасы
1988—1991Испания Реал Мадриджастар
1991—1994Испания Тенерифе
1994—1996Испания Реал Мадрид
1996—1997Испания Валенсия
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы

өңдеу

16 жасынан "Нюэллс Олд Бойз" клубында ойнай бастады. Төрт жылдай ойнап, Еуропаға келді де, кәрі құрлықта тұрақтап қалды. "Депортиво Алавес", "Реал Сарагоса" клубтарында ойнап, 1984 жылы "Реалға" ауысты. Корольдық клуб сапында 40 гол соғып, екі жыл қатарынан УЕФА Кубогын ұтып алды. Ұлттық құрама сапында екі әлем чемпионатына қатысты. Әсіресе 1986 жылғы әлем біріншілігі Вальдано үшін табысты болды, топтық турнирде Болгария мен Оңтүстік Кореяның қақпасына бір-бірден гол соғып, құраманың 1/8 финалға шығуына көмегі тиді. Кейін финалдық матчта ГФР-дің қақпасына құраманың екінші голын соқты. Бұл матчта Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң комментатор да, бапкер де болды. Кейін "Реалдың" бас директоры болды да, 2011 жылы ол қызметтен кетті.

Жетістіктері

өңдеу

Ойыншы ретінде

өңдеу
  • Аргентина чемпионы: 1974
  • Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1979
  • Испания лига кубогы: 1985
  • УЕФА кубогы: 1985, 1986
  • Испания кубогы: 1986, 1987, 1988
  • Әлем чемпионы: 1986

Бапкер ретінде

өңдеу
  • Испания чемпионы: 1995

Сілтемелер

өңдеу