Электрод

Электрод (электр… және грек. odos – жол) –

  1. Пісіру электроды – пісіру, кесу не балқыту кезінде бұйымға Электр тогын жеткізетін сырық. Пісіру тәсіліне орай металдан, көмірден (пісірілмекші жапсардың сапасын жақсарту мақсатында бетіне легирлеуші, тотықтандырғыш, т.б. қасиет беретін химиялық зат жағылған), т.б. дайындалған электрод түрлері қолданылады. Металл электрод диаметрі 0,3 – 12 мм болып келетін сымнан жасалады.
  2. Пештік электрод – доғалық пештің жұмыстық кеңістігіне электр тогын жеткізіп отыратын элемент. Болат балқытуда көмір мен графитті электрод, ферроқорытпа өндірісінде балқымалы затпен толтырылып отыратын электрод (диаметрі 1,2 м-ге жететін) қолданылады. Доғалық вакуум пешінде қолданылатын электродтың толтырғыш заты ретінде қайта қорытылатын металл (не қорытпа) пайдаланылады.
  3. Гальваникалық электродэлектролитке батырылған не онымен жанасатын электрондық өткізгіш (металл, графит) түріндегі элемент. Ол электролизде, гальвани элементінде, қуатты жарық көздерінде, т.б. пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат