Эозинофилдер

Эозинофилдер (eosinophile, грек, eosin — бояу, рһіlіа — сүйіспеншілік) — цитоплазмасында қышқылдық бояулармен қызыл ашық түске боялатын ірі дәншелері (гранулалары) болатын қанның ақ жасушасы. Гранулаларының құрамында гидролазалық ферменттер, пероксидаза, қышқылды фосфатаза, эстераза, гистаминаза ферменттері болады. Даму сатысына байланысты балғын, таяқша ядролы және сегментті ядролы эозинофилдер болып ажыратылады. Қалыпты жағдайда қанда негізінен жетілген сегментті ядролы эозинофилдер болады. Олардың ядролары екі, кейде үш бөлімнен тұрады. Ал таяқша ядролы және балғын жас эозинофилдер өте сирек кездеседі. Эозинофилдер организмге түскен бөгде протеиндерге қарсы қорғанысты, аллергиялық, анафилактикалық реакцияларды іш жүзіне асыруға және гистаминнің метаболизміне қатысады. Организмге бөгде протеинді заттардың енуіне байланысты эозинофилдердің саны күрт көбейеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


🔥 Top keywords: Басты бетШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақша жыл санауАрнайы:Жуықтағы өзгерістерАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыҚазақстанАбай ҚұнанбайұлыИсламдағы жыныстық өмір әдебіАстанаҚазақ хандарыАлланың есімдеріМұхаммедТалас шайқасыЕтеккірБесін намазыӘл-Фатиха сүресіУикипедия:ФорумУикипедия:Адал қолданудың шарттарыДомбыраБаланы қырқынан шығаруАбылай ханЮебан мемлекетіКөкжөтелАстана күні (Қазақстан)Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБауыржан МомышұлыТуыстық атауларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларТүрік қағанатыҚарақұртҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАрғынЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМемлекет астаналары тізіміҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚазақстан қазақтарының ер есімдерінің тізіміСалауат