Үлкен жарылыс теориясы (телесериал)

Үлкен Жарылыс Теориясы (ағылш. The Big Bang Theory) – Чак Лорри және Билл Прэди жасаған америкалық ситком (ситуацилық комедия), Стивен Моларомен бірге екеуі де сериалдың продюсерлері болып табылады. Үшеуі және басты сценарии жазушы болып жұмыс істейді. Тұсаукесері 2007 жылдың 24 қыркүйегінде CBS арнасында өтті.[1]

Үлкен Жарылыс Теориясы
Үлкен жарылыс теориясы (телесериал)
Жанрыситком
Идея авторыЧак Лорри, Билл Прэди
РөлдердеДжонни Галэки
Джим Парсонс
Кейли Куоко
Саймон Хелберг
Кунал Найяр
Мелисса Ройч
Маим Бялик
Сара Гилберт
КомпозиторыBarenaked Ladies
МемлекетАмерика Құрама Штаттары
Тіліағылшын тілі
Маусымдар саны12
Сериялар саны279
Өндіріс
ПродюсерЧак Лорри
Билл Прэди
Ли Аронсон
Стив Моларо
Майк Коллиер
Фэй Ошима Бельеу
Серия ұзақтығы18-24 минут
Статустүсіріліп бітті
Хабар тарату
ТелеарнаCBS Broadcasting Inc.
Дыбыс форматыDTS-HD Master Audio 5.1
Таратылым кезеңі24 қыркүйек 2007 — 16 мамыр 2019
Сілтемелер
IMDbID 0898266

Телехикаяның тұсаукесері 2007 жылдың 24 қыркүйегінде CBS арнасында өтті, ал соңғы маусымның көрсетілімі 2019 жылдың 16 мамырында аяқталды. Барлығы 12 маусымда 279 бөлім шығарылды. Осылайша, "Үлкен жарылыс теориясы" теледидар тарихындағы ең ұзақ ситком болды, аталған көрсеткіш бойынша "Чирс" комедиялық телехикаясын (275 бөлім) басып озды.

Бастапқыда телехикаяның басты кейіпкерлері Калифорния штатының Пасадена қаласында тұратын бес кейіпкер болатын. Бұл Калифорния технологиялық институтының екі физигі, бір пәтерде тұратын Леонард Хофстедтер мен Шелдон Купер; Пенни, даяшы және жаңа бастап жүрген актриса, қарама — қарсы пәтерде тұрады; сонымен қатар Леонард пен Шелдонның достары мен әріптестері-аэроғарыш инженері Ховард Воловиц пен астрофизик Раджеш Кутраппали.

Warner Bros. Television мен Chuck Lorre Productions компаниялары телехикаяны шынайы аудитория алдында түсірген. "Үлкен жарылыс теориясы" телехикаясының бірінші маусымы жөнінде әрқилы пікірлер айтылғанымен екінші маусымнан бастап негізінен оң пікілер болды. Телехикаяның сегіз маусымы АҚШ-тың ең жоғары бағаланған телешоуларының ТОП-10-ына кірді, ал он бірінші маусым 2017/2018 жылғы маусымдағы ең танымал телехикаяға айналды. 2011-2014 жылдар аралығында шоу жыл сайын "Эмми" телевизиялық сыйлығына үздік комедиялық сериал номинациясы бойынша ұсынылып отырды, ал Шелдон рөлін сомдаған Джим Парсонс комедиялық телехикаяның үздік актері ретінде төрт рет "Эмми" жүлдесіне ие болды. Жалпы телехикая “Эмми”-дің 46 номинация алып, 7 марапатқа ие болды. Парсонс сонымен қатар 2011 жылы теледидарлық комедиядағы ең үздік ер адам рөлі үшін "Алтын глобус" сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта телехикаяның 216 номинациясы бар және олардың 56-ында жеңіске жетті. 2017 жылдан бастап "Шелдонның балалық шағы"атты телехикаяның спин-оффы CBS телеарнасында шығарылуда.


РөлАктёрЭпизодтар
саны
Маусымдар
123456789
Леонард Лики ХофстедтерДжонни Галэки183 (барлығы)басты рөл
Шелдон Ли КуперДжим Парсонс183 (барлығы)басты рөл
ПенниКейли Куоко181басты рөл
Говард ВоловицСаймон Хелберг183 (барлығы)басты рөл
Раджеш Рамаян КутраппалиКунал Найар183 (барлығы)басты рөл
Лесли УинклСара Гилберт8арасындабасты өлқонақ
Бернадетт Мэри Энн РостенковскиМелисса Ройч113арасындабасты рөл
Эми Фара ФаулерМаим Бялик107қонақбасты рөл
Стюарт БлумКевин Сассмэн36арасындабасты рөларасындабасты рөл
КуртБрайан Уэйд3арасында
Мэри КуперЛори Меткаф7арасындаарасындаарасында
Миссис ВоловитцКэрол Энн Сьюзи39Арасында, кадрдан сыртындағы дауыс
Раджеш әкесіБрайан Джордж11арасындаарасында
Раджеш анасыЭлис Эмтер10арасындаарасында
Стефани БарнеттСара Рю3арасында
Барри КрипкеДжон Росс Боуи14арасында
Беверли ХофстедтерКристин Барански6арасындаарасындаарасында
Уил УитонУил Уитон10арасында
Зак ДжонсонБраен Смит6арасындаарасында
Прия КутраппалиАрти Манн12арасында
Майк РостенковскиК. Сэндер5арасында
Алекс ДженсенМарго Харшман4арасында
ЛюсиКейт Микуччи7арасындақонақ
ЭмилиЛаура С. Спенсер11арасында


Дереккөздер

өңдеу
  1. The Big Bang Theory Cast & Details – TVGuide.com Retrieved ақпан 14, 2009