Ұ, ұ — тек қазақ тілінде кездесетін кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Қазақ әліпбиінің 29-шы әрпі болып келеді, бастапқы кезде Ӯ деп белгіленген.

  Қазақ кирил әліпбиі  
-{Аа}--{Әә}--{Бб}--{Вв}--{Гг}--{Ғғ}--{Дд}-
-{Ее}--{Ёё}--{Жж}--{Зз}--{Ии}--{Йй}--{Кк}-
-{Ққ}--{Лл}--{Мм}--{Нн}--{Ңң}--{Оо}--{Өө}-
-{Пп}--{Рр}--{Сс}--{Тт}--{Уу}--{Ұұ}--{Үү}-
-{Фф}--{Хх}--{Һһ}--{Цц}--{Чч}--{Шш}--{Щщ}-
-{Ъъ}--{Ыы}--{Іі}--{Ьь}--{Ээ}--{Юю}--{Яя}-

Жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің барлық буынында кездеседі. Бірінші буында "ұ" немесе "о" дыбысы келсе, екінші буындағы қысаң дауысты "ы" дыбысы "ұ" болып айтылады. Мысалы, айтылуы - құлұқ, жұлұн, орұн, отұз, сойдұм жазылуы - құлық, жұлын, орын, отыз, сойдым. Сондай-ақ, сөз басындағы "Р" дыбысының алдынан да "ұ" дыбысталуын жиі байқаймыз (айтылуы - ұрұқсат, ұру; жазылуы - рұқсат, ру)[1] [2].

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том
  2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Cyrillic alphabet