Өңдеу – меншіктенушінің немесе мердігердің бастапқы шикізаттан‚ материалдардан жылжитын жаңа затты дайындау үдерісі. Жаңа затты меншіктену құқығының ауысуы шартпен айқындалады.

Мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. республика резиденттерінің тауарларды‚ шикізатты‚ материалдарды өңдеуі.
  2. Айталық‚ астық меншіктену құқығын табыстамай-ақ ұнға ұқсатуға беріледі.
  3. Мердігерде астық баланстан тысқары шотта есептеледі.
  4. Табыстау шартпен‚ қолхатпен‚ жүкқұжатпен ресімделеді;
  5. тауарларды “кеден аумағынан тыс” жерде өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда республика тауарлары шетелге әкетіледі‚ сонда өңделіп‚ республика аумағына еркін айналысқа әкелінеді;
  6. тауарларды “кеден аумағында” өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда шетел тауарлары республика аумағында өңдеу үшін пайдаланылады және баждар мен салықтардың төленген сомасы қайтарылып‚ экспорт тәртіптемесімен әкетіледі;
  7. тауарларды кеден бақылауымен өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда шетел тауарлары республика аумағында баждар мен салықтар алынбай пайдаланылады‚ кейіннен еркін айналысқа шығарылады немесе өңделген өнімдер өзге кеден тәртіптемесімен орналастырылады.

[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2