Экип (фр. L’Équipe) — франуздардың күнделікті ұлттық спорт газеті. Газет атауы қазақ тілінде "команда" деген мағынаны береді. Редакцияның газет басып шығару саясаты футбол, регби, велоспорт, мотоспорт жайлы баяндауға бағытталған. Газеттің ең бірінші нөмері 1946 жылы шықты, жаңа басылым редакциясы фр. L'Auto газетінде жұмыс істеген тілшілердің негізінде құралған, L'Auto, L'Equipe-тың бастамашысы болып саналады, бұл газет тар шеңберлі болып, тек қана автоспортқа арналатын болған.

L'Équipe
[[Сурет:L'Équipe.fr logo|220px|сурет]]
Түрі

Күнделікті ұлттық спорт газеті

Форматы

Таблоид

Бас редакторы

Фабрис Жуо

Құрылған жылы

1946

Бағасы

0,95

Бас кеңсесі

Париж, Франция

L'Auto газеті 1903 жылы ең бірінші Тур де Франс велосипед жарысын ұйымдастырғаны жайлы атап өткен жөн, ал 1919 жылы пайда болған жарыс лидерінің сары жидесі, L'Auto газет қағазының сары түсіне бағыт беру үшін бірдей түсте болды.

Таралымы

өңдеу
Жыл19992000200120022003200420052006200720082009
L'Équipe орташа таралым386 189386 601455 598321 153339 627369 428365 654365 411327 168298 949303 106

Газеттің сатылуы жөнінен екі үлкен таралымдары бар: 1998 жылы 13 шілдеде, Францияның ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионатын ұтқан кезде 1 645 907 дана сатылды, және екіншісі, 2000 жылдың 3 ші шілдесінде, Франция Футболдан Еуропа Чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін, газеттің 1 255 633 көшірмесі сатылды.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу