Заттыбек Көпбосынұлы


Заттыбек Көпбосынұлы Буленов (1974 жыл, Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан) — қазақстандық әнші және музыкант.

Заттыбек Көпбосынұлы
Толық аты

Заттыбек Көпбосынұлы Буленов

Туған күні

1974 (1974)

Туған жері

Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан

Белсенділік жылдары

1995—қазіргі күн

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

әнші

http://zattybek.kz/mirbayany

Өмірбаяны

өңдеу

1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Кеңес ауылындa қарапайым отбасында дүниеге келген. Есімін Хатша әжесі қойған.[1] Шығармашылық жолын 1995 жылы Бәйдібек ауданы «Шалдар» балалар саз мектебінде мұғалім болған. 1997–1998 жылдары Шалдар мәдениет уйінде көркемдік жетекші. 1999–2000 жылдары Шаншар таетрында өнерін көрсетті. 2000–2003 жылы Шымкент қаласы №71 орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2004–2007 жылы Шымкент қаласы №2 балалар музыка мектебінде домбыра пәні мұғалімі қызметін атқарады. 2001, 2005 жылдары Республикалық «Шалқар термесі» термешілер байқауының лауреаты. 2008 жылдан бері жеке шағырмашылықпен айналысуда. Халық арасында тараған бірнеше «Ақмаржан», «Немерем» тағы басқа әндердің авторы.[2]

Жанұясы

өңдеу
  • Үйленген. Әйелі — Әлия.[3] 2 баласы бар: Айзере, Бихан.[4][5][6]

Марапаттары

өңдеу
  • „Сұлтан Бейбарыс“ төсбелгісі (2024)[7]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Анар Әлдибекова Заттыбек Көпбосынұлы, әнші: Әйелім екеумізді ажыратпаған — сезімғ сенім, үміт  (қаз.). Juldyz.kz. Тексерілді, 24 маусым 2024.
  2. Заттыбек Көпбосынұлы (1974)  (қаз.). Zharar.com. Тексерілді, 24 маусым 2024.
  3. Адель Жусупова Заттыбек Копбосынулы показал свою жену (фото)  (орыс.). Nur.kz (2018 жыл 1 қараша). Тексерілді, 24 маусым 2024.
  4. 10 жыл бала сүйе алмаған Заттыбек Көпбосынұлы ұлды болды  (қаз.). Stan.kz (2018 жыл 23 қараша). Тексерілді, 24 маусым 2024.
  5. «Я мечтал о сыне 10 лет»- певец Заттыбек наконец-то стал отцом  (орыс.). 365info.kz (2018 жыл 23 қараша). Тексерілді, 24 маусым 2024.
  6. Певец Заттыбек, исполнитель хита «Ак Маржан», помпезно забрал жену и новорожденного сына из роддома.  (орыс.). 365info.kz (2018 жыл 29 қараша). Тексерілді, 24 маусым 2024.
  7. Есентемір Ерболұлы Заттыбек Көпбосынұлы ерекше төсбелгімен марапатталды  (қаз.). Massaget.kz. Тексерілді, 24 маусым 2024.

Сілтемелер

өңдеу